Бірлескен жобаға алғашқы қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлескен жобаға алғашқы қадам

23.09.2019

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының "аға сеньорлар" жобасы аясында Алматы облысында бірнеше мемлекетпен байланыс орнатылды. Шетелдік сарапшылар қазақстандық кәсіпкерлермен тәжірбие алмасып, бизнесін өрге дөңгелетуге үлес қосып жатыр. Талдықорғанда тігін цехында Түркиядан келген дизайнер-суретші Сардар Егемен жергілікті кәсіпкермен жаңа киім үлгілерін әзірлеуге кірісті. Негізінен, жастарға арналған спорт киімдерін тігу көзделген. Әр киім үлгісінде қазақтың оюлары мен ұлттық нақыштағы элементтері салынған. Алматы облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған бұл шығармашылық байланыс алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Түркиялық сарапшы қазақ жерінде ары қарай шығармашылықпен айналысуға ниетті.

Сардар Егемен, суретші-дизайнер /Түркия/:

Мен қазақ халқының киім үлгілеріне қатты қызықтым. Қанық түстер, түрлі оюлар мен өрнектер менің шабытымды оятқандай. Біз салған суреттер киімге айналып, өз нәтижесін бергенше мен байланысымды үзбеймін. Қазақстандай ата жұртымда қазақ бауырлармен бірге жұмыс істей бергім келеді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу