Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи паркінде өрт шықты
Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі қызыл жалын кеше түсте тұтанғанын айтады. Тілсіз жау 93 гектар жерді жайпап үлгеріпті. Оқиға орнына бірден облыс әкімі аттанған. Қазір бұл төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. Ал куәгерлердің сөзінше өрт ауыздықталып, қазір сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қызыл жалынмен күреске 500-ден астам адам тартылған. 11 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ бірнеше тікұшақ әуеден су шашып жатыр. Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сондай-ақ өрттің шығу себебі де айтылмады. Ұлттық парктің қызметкерлері бұған бір апта бойы күн райының ыстық болуы әсер етуі мүмкін дейді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06