Қазақстанда қызмет көрсету сапасы нашар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қызмет көрсету сапасы нашар

20.09.2019

Қазақстанда қызмет көрсету сапасы нашар. Ал оны реттейтін заң солқылдақ. Салдарынан бір жылда тұтынушылар тарапынан 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Әсіресе қаржы қызметтері төңірегінде түйткіл көп. Сауда-саттық, коммуналдық қызмет салалары да дау-дамайдан арылар емес. Қос тарап ортақ мәмілеге келе алмайды. Осы проблемаларды шешу мақсатында қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. Тұжырымдама әзірленіп жатыр. Бүгін жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Ұлттық тұтынушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы отырысы өтті. Онда қос тарап өзара ынтымақтастыққа негізделген меморандумға қол қойды.

Азамат Ахметов, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:   

Сатушы мен сатып алушының арасында бір мәселе бар. Мысалы, сапасыз бір затты сатқан кезде тұтынушы оны артқа қайтарғысы келеді. Осы мәселеде кімнің қандай құқы бар екені көрсетілмеген. Біз осыны қайтадан толықтырамыз. Заңның алдын ала концепциясын бастап жатырмыз. Келешкте соны депутаттардың алдына салып, халықпен бірге талқылаймыз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу