Елордалық кәсіпкерлер Үкіметтен жеңілдік сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық кәсіпкерлер Үкіметтен жеңілдік сұрады

20.09.2019

Әсіресе, балаларға арналған ойын аппараттарының иелері қосымша салықтан босатса немесе көлемін азайтып берсе деп отыр. Өйткені кірістен шығыс асып кетті дейді. Салдарынан биыл қаладағы ойын балаларына арналған саябақтың үшеуі жабылып қалған. Осы және өзге де түйткілді проблемаларды бизнес иелері кәсіпкерлердің VI конференциясында көтерді. 

Жалпы, қазір шаһарда 129 мың субъект шағын және орта бизнестің еншісінде. Өңірлік өнім үлесі - 59 пайыздан асады. Әсіресе, іскерлік туризмнің дамуы жоғары. Ендігі меже - медициналық туризм. «Бұл мақсатта жол картасына бизнес өкілдерінің белсенділігі қажет», - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы. Ал шағын кәсіп иелері салықтың азаюына мемлекет тарапынан қолдау болатынына үмітті.

Ләззат Тұрсынбаева, кәсіпкер: 

Бұл салық негізі 2009 жылдан бастап бекітілген. Негізі казино аппараттарына арналған салық. Бізге қателікпен бекітілген деп ойлаймыз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу