Алматы облысының Қапшағай қаласында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды.
Арнайы комиссия өкілдері 1500 көпбалалы отбасының материалдық жағдайын тексерген. Соның нәтижесінде Шеңгелді мен Заречный елді мекендерінен - 5, ал қаладан тұрмысы төмен 10 отбасыға пәтер беруді ұйғарған.
Сонымен қатар, әр шаңырақтың иелеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жаңа қонысқа кіргендеріне бәрінен бұрын балалар қуанды. Ал ата-аналары осы іске ұйытқы болғандарға алғыс айтты. Мәселен, үйге қол жеткізгендердің бірі – Мұсабаевтар отбасы. Олар талай жылдан бері тапқан-таянғандарына пәтер жалдап келген еді. Ал енді 6 бөлмелі пәтердің иесі атанды.
Райхан Базаршыбаева, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері:
Қуаныштымыз. Үлкен рақмет.
Гүлжазира Нұрмаханова, көпбалалы ана:
Көп балалымын. Үйлі болып жатырмыз. Көп-көп рақмет.
Алмат Әбдіраман