Қостанайда полиция көмекшілерінің саны тағы 10 адамға көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда полиция көмекшілерінің саны тағы 10 адамға көбейді

19.09.2019

Жуырда оларға «полиция көмекшісі» деген арнайы куәліктер мен жейделер салтанатты түрде табысталды. Жалпы Қостанай облысында бұл міндетті атқаратын азаматтар саны 500-ден асады. Олардың көмегімен соңғы 8 айда 12 қылмыс пен 400 әкімшілік құқық бұзушылық әшкереленген. Аса белсенділік танытқандарға қаржылай қолдау да көрсетіледі. Мысалы биыл 110 көмекшіге 2 млн теңге төленген. Полиция көмекшісі міндетін өзі ниет білдірген кез-келген азамат атқара алады. Ол үшін құқық қорғау орындарына өтініш жазса болды.

Құрмет Мәжікенов, облыстық Жергілікті полиция басшысы:

Тек полицияның күшімен қоғамдық тәртіпті қадағалу немесе қылмысты азайту мүмкін емес. Бұл кеселге бүкіл қоғам боп қарсы тұруымыз қажет. Президент биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны мәлім. Соған байланысты біз де өз қатарымызға ерікті азаматтарды тарту жұмысын жандандырамыз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу