Мұражай қоры құнды құжаттармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұражай қоры құнды құжаттармен толықты

19.09.2019

Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық мұражай құнды жәдігерлермен толықты. Халықаралық музейлер фестивалі аясында атқарылған игі істің арқасында енді мұнда келгендер құнды құжаттармен таныса алады. Қытай тілінде жазылған құжатта 19-шы ғасырдағы қазақ-қытай арасындағы сауда-саттық, атап айтқанда, қазақтардың қанша мал-мүлікке жібек алып отырғаны, екі елдің өзара талаптары айтылған. Қазір оның мағынасын аудармашы мамандар толыққанды зерттеп жатыр. Сондай-ақ, Моңғолиядан келген делегация мүшелері өз жерлеріне қазақ диаспораларының қоныс аударуына қатысты деректермен бөлісті. Моңғол тарихшылары қазақтардың қоныстануын 1830 жылдан-1963 жылға дейін бірнеше кезеңге бөліп қарастырған. Ол туралы құнды құжаттар Баянөлгей аймақтық мұражайында сақтаулы екен. Мәселен, мына 1912 жылы 14 шілдеде Боғда ханға білдірген тілек хат негізінде 400 қазақ отбасы Қобда өлкесіне ауысуды және азаматтық алуды сұраған. Ал Өзбекстандық делегация болса 19-шы ғасырдағы қазақтардың түр-сұлпаты, тұрмыс-салтына қатысты көне суреттерді әкелген. Олардың арасынан Шымкент қаласының сол кездегі көрінісін де көруге болады. 

Рәзия Ибраева, Жезқазған Тарихи-археологиялық мұражайының бас қор сақтаушысы:

Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясы өтті. Осы акцияға шетелдік қонақтарымыз да атсалысты.Негізгі мақсаты жан-жақтағы әр шетелдегі музейлермен және архивтермен тығыз байланысты нығайтыу. Осы біздің қазақ даласына қатысты мәдени, тарихи құндылықтарды жинақтау. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу