Биыл қыста Аягөз қаласының халқы жылудан таршылық көрмейді. Өткен жылы қақаған аязда қала орталығындағы әбден ескірген жылу нысаны сыр берген еді. Салдарынан 40 тан астам үй мен мектеп, балабақша жылусыз қалған. 20 жылдан астам мүлдем жөнделмеген жекеменшіктегі жылу нысаны бүгінде жергілікті әкімшілік иелігіне өткен. Онда облыс қазынасынан 250 миллион теңге бөлініп, жаз бойы жаңарту жұмыстары жүрді. Үш бірдей тозығы жеткен қазандық ауыстырылған. Жұмыстар жалғасып жатыр. «Енді қыста жылу қалыпты түрде береледі»,- дейді аудан әкімі.
Ділдәбек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі:
Осы бірінші қазанға дейін, біз осы үш жылу қазандығын толық дайындап, іске қосатын боламыз. Биылғы жылы осы жылу қазандықтың бойында отырған үйлер өте жақсы жағдайда болады ғой деп ойлаймын.
Ержан ЖАҚЫП