Министр Шамалғандағы өткелге қашан көпір салынатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Шамалғандағы өткелге қашан көпір салынатынын айтты

16.09.2019

Апат болған Шамалған өткеліне көпір салу жұмыстары келер жылы басталады. Мұндай ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты. 

Сондай-ақ, министр Шамалған станциясындағы жол апатына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, пойыз сағатына 97 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Машинист өткелге 500 метр қалғанда тежегішті басыпты. Алайда аталған қашықта пойызды толық тоқтату мүмкін емес. Соққы болған сәтте пойыз жылдамдығы сағатына 55 шақырымды көрсеткен. Өткелдегі шлагбаум дер кезінде жабылмай, автобус жол үстіне шығып тұрып қалған. 

Мұның барлығы алдын ала болжам. Оқиғаның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтауда. 

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Ол өткел жолды бөгейтін арнайы құрылғымен, шлагбауммен және бағдаршаммен қамтылған. Яғни, барлық талапқа сай. Сәйкесінше пойыз 2400 метрдей қашықтыққа жақындағанда автоматты түрде дабыл қосылып, бағдаршамның қызыл түсі жанды. Ал шлагбаумның түспеуі, алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың өткелге шығып кетуіне байланысты.

 Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу