Оған аумақтық қорғаныстың арнайы әскери батальоны, Ұлттық гвардияның бөлімшелері, полиция департаменті және Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысты.
Сценарий бойынша 60-қа жуық қарулы топ әуежайға шабуыл жасамақ болады. Күзет қызметі жедел хабар жіберіп, жауынгерлер қарсы шабуылға шықты. Қосымша күш келіп, қоғамдық көлікті иемденген террористерге тойтарыс берді. Осылайша кепілдегілер босатылып, операция сәтті аяқталды.
Аэродромда арнайы жасақтың қару-жарағы көрсетіліп, әуе көліктерінің жұмысы таныстырылды. Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттарына арналған оқу-жаттығу ұшағы да жұртшылықтың назарына ұсынылды.
Оңдасын Оразалин, облыс әкімі:
Оқу-жаттығу Мемлекет басшысының жедел және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталды. Сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадасының стратегиялық обьектісін күзету мен қорғау іс-қимылдарына жауынгерлік әзірлігін тексеру, командалық құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді.
Жақсыбек КЕМАЛ