Иә, аяқ-қолы жоқ Ник Вуйчичтің балаларына деген әкелік махабаты ерек. Себебі бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлі аса маңызды. Осы ретте, олардың қоғамдағы маңыздылығын одан әрі ұлғайту керек. Бурабайда өткен «Әке - отбасының тірегі» атты 4- республикалық форумға қатысушылары осылай деді. Себебі соңғы жылдары отбасы құндылықтарын дәріптеуде, балаларды тәрбиелеуде әке ұғымы әлсіреп кетті. Сондықтан бірнеше жыл бұрын республикалық әкелер одағы құрылды. Бүгінде облыс, аудан деңгейінде жұмыс істейтін ұйымдар бар. Бірақ нәтиже болмай тұр. Қазақстанда ажырасу деңгейі төмендер емес. Ал азаматтық некеде болғандар жайлы мүлдем ақпарат жоқ. Салдарынан, жетімдер көбейген. Мәселенің шешімі ретінде тәрбиеге әлі де мән беру керек деген ұсыныс айтылды. Форум аясында үлгілі деген әкелер марапатталды.
Берік Рақышев, Қазақстан әкелер одағының төрағасы:
Қазіргі кезде көбінесе, мысалы, ажырасу мәселесінде баланың тәрбиесін анаға беріп жатады. Бірақ та ол да қате ұғым деп ойлаймын. Біз оны бөліп жармауымыз керек деп ойлаймын. Ең бірінші, біз қоғамды, әкелерді отбасын сақтап қалуға бағыттауымыз керек. Өйткені бала әкеден де, анадан да жылу алу керек.
Ермек ЕЛБЕРГЕН