Алматыда тапа тал түсте көшенің қақ ортасында қолында кішкентай баласы бар әйелді тонап кетті. Оқиға Жетісу ауданы Есік көшесінде болған.
Белгісіз біреудің баласын арбамен сүйреп келе жатқан келіншекке шабуыл жасағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол жерден ер адамның әйелдің артынан келіп, қылғындырып, мойынынан алтын алқасын жұлып алғаны анық көрінеді. Күдіктінің кім екені әзірге белгісіз. Алайда, полиция өкілдері оны іздестіріп жатыр.
Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:
Оның бет тұлғасы анық болмағанымен киген киімі, нәсілі анық болды. Арнайы ориентировка құрылып, басқа экипаждарға табыс етілді. Қазіргі таңда бұл қылмыскерді іздеуге өте тәжірибелі із кесушілер кірісіп кетті. Криминалдық полиция басқармасының арнайы бөлімінің қызметкерлері.
Амангелді СЕЙІТХАН