Батыс Қазақстанда электр қуатының бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда электр қуатының бағасы өсті

13.09.2019

Жыл басында Елбасы тапсырмасымен жарықпен қамту мекемесі қызмет құнын 10 пайызға түсірген еді. Енді қыркүйектен бастап электр бағасы 1 теңге 12 тиынға өсіп, бұрынғы қалпына келді. Ал монополияларды реттеу мекемесі бұл әрекет заңға қайшы емес дейді. Өйткені, коммуналдық кәсіпорын келісілген шекті бағаны түсіруге немесе көтеруге құқылы екен. Өңірде шекті баға 11 теңге 57 тиын. Бұған дейін жарық құны 10 теңге 42 тиын болды. Жарық беру мекемесі қуат өндіруші компанияларға 700 млн. теңгеге шығынға батқан. Сондықтан бағаны өсіруге мәжбүр болып отырмыз дейді.

Бибігүл Хамидуллина, Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы:

«Батыс энерго ресурсы» мекемесі өз құқығын пайдалана отырып, 1 қыркүйектен бастап бағаны көтерді. Бірақ ол шекті бағадан асқан жоқ. Қазір электр қуатының құны - киловатына 11 теңге 54 тиын болды. Себебі, электр қуатын сатып алуға кететін шығын артқан.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу