Қазақстанда ветеренария саласындағы жемқорлық өршіп кетті. Былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге көбейген. Әсересе жалған анықтама қағаздарын жасау кеңінен таралған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім болды. Сойылған мал ешқандай аурумен ауырмайды деп жазып бергені үшін мамандар 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін сыйақы алып келген. Тексерістен өтпеген малдың етінен түрлі аурулар табылған кездер де тіркеліпті.
Арман Бердалин, Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті директорының бірінші орынбасары:
Базарға келіп, еттің барлығы қажетті ветеренариялық тексерістен өтпейтіндігі, әрі қарай халыққа еш бөгетсіз таралатыны анықталды. Ақмола облысы Аршалы ауданы ауылдарының бірінде малдарды сою кезінде сібір жарасы анықталып, осы ауылдың 4 тұрғыны осынау қауіпті дертке шалдыққан.
Оңғар АЛПЫСБАЙ