Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары жалғасуда

12.09.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды. Президент бүгін Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласында болып, бірнеше нысанды аралады. Атап айтсақ, әлемдік нарыққа инновациялық өнімдер шығаратын Hikvision компаниясында болып, ондағы Орта Азияға қатысты қолға алынған жобалармен танысты. Ханчжоуда Президент сондай-ақ әлемдік алпауыт «Алибаба» компаниясына да арнайы ат басын бұрды. Онда Президент бастаған қазақстандық делегацияны Алибабаның негізін салушы, Қытайдағы ең дәултетті кәсіпкер Джек Ма күтіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерге Қазақстан мен Қытай арасында цифрлы экономика саласасында стартегиялық келісім бекігенін айтып, бұл іске атсалысуға шақырды. Джек Ма Қазақстанда бірнеше рет болғанын айтып, тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Президент Қытай ұлттық шай музейінде болып, шай рәсімімен танысты. Бұдан бөлек, Қасым-жомарт Тоқаев әйгілі Лэйфен мәдени кешеніне барып, көне қолжазбалармен танысты. Сапар соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған провинцияның партия комитетінің хатшысы Че Цзюнеммен кездесті. Онда тараптар цифрлы технологиялар мен мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік жайлы пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ




Хабарламаларға жазылу