Алматыда көпбалалы бес отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпбалалы бес отбасы баспаналы болды

10.09.2019

Пәтерлердің кілттерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз табыс етті.

 Бұл игі іс еріктілердің бастамасымен іске асты. Қайырымдылыққа кәсіпкерлерден бөлек, әр саланың мамандары қаржылай атсалысқан. Үйлердің құрылысына 12 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, баспаналы болғандардың қатарында мүгедек балалары бар отбасылар да бар. Ал жақсылықтың жаршысы болған жомарт жандар бұған дейін де 4 көпбалалы анаға осындай үй тұрғызып берген. Алайда мұндай мұқтаж азаматтар еріктілердің тізімінде көп. Сондықтан олар бұл бастаманы одан әрі жалғастырмақшы.

Қарлығаш Нұрғожаева, көпбалалы ана:

35-40 мыңға пәтер жалдап, 25 жылдан бері тұрып келе жатырмыз ғой. Енді бүгін баспаналы болғанымызға қатты қуаныштымыз. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу