«Алтай-Түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтай-Түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық форум өтті

06.09.2019

 «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі». Өскеменде осындай тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Ауқымды шараның мақсаты – әлемдегі ғылыми қауымдастықты Шығыс Қазақстанның археологиялық әлеуетімен таныстыру. Шығыс өңірінде археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бойынша арнайы бағдарлама дайындалған. Осы жоба аясында Қазақстан, сонымен қатар Франция, Түркия, Әзірбайжан, Чехия, және Ресей ғалымдарының қатысуымен көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстанның жетекші археологтары Зейнолла Самашев және Әбдеш Төлеубаев осы зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

Әбдеш Төлеубаев, тарих ғылымдарының докторы, археолог:

Еуразия даласындағы көне сақтар мен скифтердің мәдениеті осы Тарбағатай өңірінен шыққан деген пікір айттық. Енді Алтай мен Тарбағатай біл сілемді таулар ғой. Елеке сазындағы ескерткіштердің бір керемет ерекшелігі – ерте сақ мәдениетінен бастап түркілердің мәдениетіне дейінгі керемет жәдігерлер.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу