Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары несиелерді жабуға қатысты түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары несиелерді жабуға қатысты түсінік берді

06.09.2019

Жалпы, осы несиені өтеуге қатысты халықтың көкейінде сауал көп. Оның негізгі шарттары қандай, нақты кімнің кредиті кешірілді? Осы және өзге сұрақтарға бізге сұхбат берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев жауап берді.

Нариман Мұқышев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі: 

Осы жылдың 1 маусымына дейін алынған кредиттер ғана кешіріледі. Егер несие осы датадан кейін алынса, ол адамдар біздің тізімге енбейді. Тізімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрды. Адамдар 5 түрлі категория бойынша іріктелді. Оның ішінде көпбалалы аналар, мекен - жай бойынша әлеуметтік көмек алатындар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар бар. Осындай кісілерді есептегенде 2 миллион 200 мың адам шықты. Алайда олардың тек 505 мыңы біздің критерийлерге сай келді. Басты шарт — кредиті 3 миллион теңгеден аспау керек. Тағы бір маңызды тұсы – несие алушының құжаттары коллекторлық агенттіке жіберілмей, банкте болуы керек.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу