Биылғы оқу жылында Павлодар облысының барлық мектептерінде домбыра сыныптары ашылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай іске асып жатқан бастама. Сондай-ақ аймақта «домбыра сыйлайық» атты шара өтуде. Оны бірінші қыркүйек күні қала әкімі бастады. Қайрат Нүкенов №18 аралас білім беретін мектепке домбыра сатып алу үшін 3 млн. теңгенің сертификатын сыйға тартқан еді, оны ірі кәсіпорындар мен бизнесмендер жалғастырды. Нәтижесінде алғашқы білім күні облыс орталығындағы 15 мектепте 400-ден аса оқушы домбыра үйірмесіне жазылған.
Ажар Текжанова, Қалалық №30 мектеп директоры:
Бүгінгі күні үйірмені 2 жетекші жүргізетін болады. Жоғары санатты, жоғары білімді мамандар. Болашақ ұрпақтың жүрегіне домбыраның күйімен бірге, жақсы ұлттық сана-сезім, патриоттық сезімді ұялатудың бәрі осындай бастамалардан басталады ғой деген сенімдемін.
Болат АМАНБАЕВ