Басты Жаңалықтар Қарамағындағы қызметкерді тепкен Арқалық қаласы полиция департаментінің басшына қатысты жайт тексерілуде

Қарамағындағы қызметкерді тепкен Арқалық қаласы полиция департаментінің басшына қатысты жайт тексерілуде

Қарамағындағы қызметкерді тепкен Арқалық қаласының Полиция департаментінің басшысына қатысты жайт тексерілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты. Белгілісі әріптесін тепті деп айыпталған Жеңіс Ахметов тексеріс кезінде уақытша жұмысынан шеттетілген. Бұл бейнежазба жуырда интернет желісінде кеңінен тарап, қоғамда қызу талқыға түскен еді.

Бүгін министрлік өкілдері мен азаматтық қоғам өкілдері Ішкі істер органдарын реформалау жұмысын талқылады. Қоғам белсенділері реформаны сәтті жүргізу үшін тиімді диалог керектігін айтады. Сондай-ақ, министрлік жанындағы қоғамдық кеңесті жүз пайыз жаңарту керек деген ұсыныс болды. Себебі, аталған кеңес министрлікті жарнамалайтын жиынға айналып кеткен. Вице-министр алдағы уақытта Президент тапсырмасы аясында министрлік жұмысында реформа жүргізілетінін жеткізді.    

Алексей Калайчиди, ҚР Ішкі істер вице-министрі:  

Арқалықтағы қызметкеріміздің мұндай әрекеті тек жеке басының емес, тұтас министрліктің беделіне нұқсан келтіреді. Анық-қанығын анықтау үшін біз қазір тексеріс жүргізіп жатырмыз. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін біз кез келген осындай жайттарды анықтап, жария түрде құқықтық бағасын беруді әдетке айналдырдық.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ



Бөлісу