Президент Атырауға жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Атырауға жұмыс сапарымен барды

05.09.2019

Қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде қазақстандық мұнайшылар төл мерекесін атап өтеді. Биылғы мерекенің жөні бөлек. Өйткені Қазақстан мұнайына 120 жыл толды. Яғни қазақ даласына бұрғы салынып, алғашқы мұнай фонтаны атқылағанына осынша уақыт. Осы атаулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайлы өлке Атырауға арнайы жұмыс сапармен барып, саланы дамыту жөніндегі кеңейтілген отырыс өткізді. Президент жиында мұнай-газ саласының жетістігін баяндады, кем-кетігін түгендеуді Үкіметке тапсырды. Әсіресе мұнай-газ саласындағы маңызды орындарға қазақстандық мамандарды көптеп тарту керектігін баса айтты.

Мұны технологияның даму шегі деуге келе қоймас, бірақ әрбір бөлшекті дәлдікпен дәнекерлеп жатқан мына роботтың қимылына таң қалмасқа болмайды. Мұнда мұнай өндіруге қажетті құрылғылар жасалуда. Зауыттағы үш робот 30 адамның орнын баса алады. Мұнай саласының заманауи техникалары Президентке таныстырылды. 

Жәнібек Саламатұлы, Робот дәнекерлеу кешенінің операторы: 

Бұрында мынандай бұйымдарды дәнекерлеп шығуға болады 2-3 адам керек болатын, екі тәулік кететін еді. Робот кешені арқылы бірнеше сағатта дәнекерлеп шығуға болады. Кешеннің пайдалы тұсы адами факторды жоққа шығарады. Робот бірнеше рет қатесіз істеп шыға алады.

Атырау отандық мұнай саласының тарихы бастау алатын мекен. Аймақтағы Қарашүңгілден алғаш мұнай атқылағанда, бұл оқиға «Ғасыр құбылысы» деп бағаланған еді. Расымен де солай болды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Мұнай өндірісіні арқасында Қазақстанға инвестийция салына бастады. Тілкелей инвестиуия тартылды. Әлемдегі құбылмалы Жағдайға қарамасатан, бақсқа салалардың өркендеуіне ықпал етеді. Бұдан басқа Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан да 3 есе артты. 25 миллионнан 90 миллионға жетті. Қашаған, Қарашығанақ кешендерінің арқасында заманауи мұнай кластері қалытптасты.

Отандық мұнай секторы республикалық бюжеттің негізгі табыс көзі. Ұлттық қорға 31 триллион теңге кіріс әкеліп отыр. Экономиканың дамуына, әсіресе, Теңіз бен қазыналы Қашаған, құт дарыған Қарашығанақ, өзегі мәйекті Өзен, Қаражанбас, Кеңқияқ кеншітерінің рөлі ерекше. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Респуликадағы барлық мұнайдың 60 пайызы осы кен орындарынан шығады. Қашаған шикізат қоры жағынан әлемде 6-шы орында. Осыған байланысты Үкіметке Қашағанды толыққанды игеруді қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырамыз. Келесі мәселе бұл теңіз бен Қарашығанақ кен орындары.

Қазақстан мұнай өндіруде Шеврон, Шелл, СНПС Аджип сияқты алыптармен тығыз байланыста. Еліміздің мұнайгаз секторын дамытудағы бұл компаниялардың үлесін жоққа шығаруға болмайды. Десе де Президент кей мәселелерге қатысты шетелдік компаниялар этикалық стандарттарды сақтап жүрсе дегенді құлаққағыс етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Әділдік инлдексі аясында туындаған мәселелер бойынша ортақ келісімге келу керек. Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай қарастылырып отыр. Үкімет Қазақстанның мүддесін қорғай білуі керек. Инвесторлар стандартты сақтау керек. Өзара шешімге келеміз деп ойлаймын.

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 12-ші, газ қоры бойынша 22-нші орында. Соңғы 28 жылда «қара алтынды» өндіру көлемі 3 жарым есе ұлғайған.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: 

Мұнай қорының көлемі 90 жылдан бері 5,3 миллиард баррельден 30 миллиард баррельге дейін өсті. Қазақстан мұнай экспорттаушы көшбасшы елдердің қатарына қосылып, мұнай қоры бойынша 12 орынға және газ қоры бойынша 22 орынға көтерілді. Жалпы айтқанда, тәуелсіздік жылдары ішінде 1,5 миллиард тоннадан астам мұнай және 740 миллиард текше метрден астам газ өндірілді.

Бірақ қазір өндірістің шыңына жеткен, яғни игерудің соңғы сатысында тұрған кен орныдары да бар. Президент шағын және ескі кен орындарын тиімді дамытуды тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Мысалы, Қызылорда облысында мұнай өндірісі 15 пайызға төпмендеуде. Ақтөбеде 7 пайызға немесе 300 тоннаға төмендеген. Бірқатар кен орындларында су басу көбеюде. Осыған байланысты жыл соңына дейін Үкіметке мұнай компанияларымен бірлесіп, мұнайды алу коэфицентін арттыру туралы жол картасын дайындап бекітуді тапсырамын.

Сондай-ақ, «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырын жыл соңына дейін аяқтау керек деді. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту арқылы минералды шикізат қорын толықтыруды тапсырды.  

Шынар Асанқызы, тілші: 

Қарашүңгілден «Қашағанға» дейінгі осы 120 жыл ішінде мұнайгаз секторы ел экономикасының көшбасшысына айналып үлгерді. Қазір елімізде 300 астам мұнай кен орыны игеріліп жатыр. Яғни бұл шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды салаға айналып отыр. Осы тұста мәселенің екінші жағы бар. Зауыттардан шығатын қалдықтар, мұнай мен газдың қоршаған ортаға жайылуы. Мемлекет басшысы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігін арттыруды басты назарда ұстау керектігін айтты.

Шынар АСАНҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу