Біріккен Ұлттар Ұйымы 2050 жылға қарай 5,5 млрд адам су тапшылығын сезінеді деп болжап отыр. Орталық Азия сарапшыларының ІІ форумының алғашқы күні су-экология, су-энергетика мәселелері көтерілді.
Осы ретте тіршілік нәрін тұтынуда біріне-бірі жіпсіз байланған Орталық Азия елдері де мәселені терең зерделеуге мәжбүр. Мәселен, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Түркіменстан негізінен су жіберуші болса, Қазақстан - қабылдаушы мемлекет. Сондай-ақ, Тәжікстан 80% таулы аймақтан тұрады. Иә, суы көп. Бірақ ауылшаруашылық жерлерін ылғалдандыру - қиын мәселе. Сондықтан ол көршілеріне тәуелді. «Демек суды тең құқылы пайдалану - маңызды әрі дұрыс шешім»,-дейді сарапшылар. Бұл үшін мемлекеттер түйткілді тұтас шешуі немесе екеуара келісуі тиіс.
Ахметқал Медеу, География институтының директоры:
Климаттың өзгеруіне байланысты су көлемі де өзгеріп жатыр. Сондықтан әділ ақпарат болу керек.
Нысаналы ЫҒЫЛ
