«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, SMS-хабарлама арқылы зейнетақы тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
SMS арқылы зейнетақы тағайындауға көшу - 2020 жылға дейін министрлік қызметтерінің 90%-ын цифрлық форматқа көшірудің келесі кезеңі. Бүгінгі таңда пилоттық жоба «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерін қамтиды, оның ішінде 2 қызметкер зейнетақыны SMS арқылы ресімдей алды.
Проактивті зейнетақы тағайындау процесі өте қарапайым. Пилоттық жоба шеңберінде көрсетілетін қызмет алушыға зейнеткерлік жасқа толғаннан 10 күн бұрын осы қызметті ресімдеу туралы ұсыныспен SMS-хабарлама келеді. Бұдан әрі банк шотының нөмірін растау қажет, содан кейін зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты төлемдерді жүзеге асыруға өтінімді қабылдау туралы SMS келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Еңбекмині зейнетақы тағайындау қызметін кешенді форматқа көшірген болатын. Яғни, 3 әлеуметтік жәрдемақы (қарттық, мемлекеттік базалық зейнетақы және БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы) мен мемлекет кепілдікті алу үшін болашақ зейнеткерлер халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді, онда олар тек 1 өтініш жазады. Нәтижесінде барлық зейнетақы төлемдері зейнеткердің бір шотына бір мезгілде аударылады.
enbek.gov.kz