Басты Жаңалықтар Президент Тоқаев «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды

Президент Тоқаев «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды

Мұндай ойды мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында айтты. Мемлекет басшысы бұл іс-шара шығармашылық қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек деп есептейді. Ал жаңа сыйлық әлемдік марапаттармен деңгейлес болуы үшін беделін арттыруға күш салуымыз керек деді. Сондай-ақ жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қаламгерлер үшін тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни, 2,5 млрд оқырманға тарайды.

Қаламгерлер жиынына сары құрлықтың әр елінен 90-нан астам мейман келген. Олардың арасында Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары бар. Іс-шара 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ертең белді жазушылардың шеберлік сыныптары өтеді және қаламгерлер аллеясы ашылады деп жоспарланған. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Бөлісу