Бұл – ғаламторда блогерлер таратқан қауесет. Осылай деп баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы жобалар жүзеге асырылмас бұрын алдын-ала тиісті мемлекеттік сараптамадан өтеді. Кейін комиссия бақылауында болады. Дегенмен, қос ел арасында құны 27,5 миллиард доллар болатын агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мұнай газ саласында ортақ бастамалар бар. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан алдында алдағы 5 жылда шет елдерден 34 миллиард доллар инвестиция тарту жоспары бар.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы Істер Министрінің Орынбасары:
Бүгінгі күні бүкіл әлемде сауда соғыстары жүріп жатыр. Санкциялар көбейіп жатыр. Осындай жағдайда инвесторлар тыныштық іздеп отыр. Тыныштық іздегенде олар қауіпті жерге барып, ақшасаын салмайды. Тиісті жағдай ұйымдастыратын елдерге ғана барып, осындай инвестицияларын жасайды. Қазақстан алдында осындай мақсат инвестиция тарту жағдайын жасау.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ