Саяси сарапшылар Президент Жолдауына байланысты пікірлерін білдірді
Шеруге ресми рұқсат беру — өте маңызды мәселе. Соңғы жылдары, әсіресе сайлаудан кейін, қоғам қатты өзгерді. Билікке деген талабы да күшейді. Елордада Президент Жолдауын талқыға салған саясаттанушылар осындай пікір білдірді. «Қасым Жомарт Тоқаевтың «қоғамдық-саяси жаңғырусыз табысты экономикалық реформа жүргізу мүмкін емес» деген ойы да орынды»,- дейді олар. Себебі ашық азаматтық қоғам қалыптаспай, жемқорлықты жойып, мемлекеттік бағдарламаларды өз деңгейінде орындау қиынға соғады. «Ал Мемлекет басшысының жолдауы биліктің халық пікіріне құлақ түріп, ашық сөйлесуге дайын екендігін аңғартады»,- дейді мамандар.
Берік Әбдіғали, саясаттанушы:
Өткендегі митингтер, көшеге шығып жатқан... Оның бәрі көшеде емес Парламентте, Мәслихатта, министрлікте, әкімдікте осының бәрін естіп, елін мұңдап жүрген азаматтар айтып жүрсе, іске асса, халық көшеге шықпас еді. Сондықтан бұл Президент Қ. Тоқаевтың бұрыннан бері айтып келе жатқан мәселесі. Қазір нақты іске асып жатыр.
Ерлан Сайыров, саясаттанушы:
«Келе жатқан Мәжіліс пен Мәслихаттың сайлауы біздің елімізде нақты көппартиялы ел жасауымыздың белгілі бір тетігі болуы керек»,- деді. Бұл да біздің еліміздегі халықтың энтузиазымын, халықтың әлеуметтік потенциалын өсіруге белгілі бір қадам.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06