Мемлекет басшысы, Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді. Президент төлқұжатын көрсетіп, кабинаға кіріп, өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскесінде 2,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Мемлекет басшысы дауыс беріп болған соң, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тілдесті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқаны барлық демократиялық қағидалар мен халықаралық стандарттарға сай өтіп жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенттігіне үміткер:
- Өте жауапты кезең келіп отыр. Халқымыз ешқашан елде болып жатқан саяси өзгерістерге бейжай қарамаған. Бүгін азаматарымыз осы сайлауға келіп, дауыс беріп, өз белсенділігін білдіреді деп ойламын.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ