Биыл жастарды қолдау мақсатында бірнеше жаңа жоба қолға алынды. Оларды әлеуметтік қолдауға бағытталған "Жас маман", "Жас кәсіпкер", "Жалдамалы тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.
"Нұр Отан" партиясында сол жұмыстардың атқарылу барысы талқыланды. Жас кәсіпкер жобасы аясында кәсіп ашуға бөлінетін гранттар көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен 200-ге ұлғайтылды. Жыл басынан бері 183 жас қайтарымсыз грантқа ие болған. Алдағы уақытта "Бастау" арқылы 60 мың адамды кәсіпкерлікке оқытып, 15 мыңын шағын несиемен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ал жалдамалы 1 мың пәтер Елордада, Алматы мен Шымкентте бой көтереді. Баспананы үйлестіру ережесі тамыздың біріне дейін жарияланады.
Бақтияр Мәкенұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 1000 кв мөлшері ретінде осы үйлердің барлығы берілетін болады. Бастапқы ретінде жасалып жатыр. Бұнын тағы бір мәселесі жақында ғана парламенттік қабырғасында осы тұрғыда , тұрғын үй комуналдық мәселеге көңіл бөлдік. Жастардың кретерий бойынша, 14 -24дейін болатын, ал бұл кретерийді 30-ға дейін ұлғайтып отырмыз. Себебі 30 келген жастардың тұрғын үй алу мүмкіндігін жасап отырмыз.