Шығыс Қазақстанда мұғалімдер баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда мұғалімдер баспаналы болды

27.08.2019

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер баспаналы болды. Білім саласының қызметкерлеріне пәтер кілтін облыс әкімі салтанатты түрде Тамыз конференциясында табыс  етті. Жаңа оқу маусымы қарсаңында осындай қуанышқа кенелген 10 ұстаз ұзақ уақыттан бері Өскемен қаласында пәтер кезегінде тұрған. «Келешекке - кемел біліммен» деген атаумен өткен конференция аясында оқушылардың жаңа Startup жобалары мен кəсіби білімге арналған оқу жабдықтарының көрмесі өтті. Жиында мұғалімдерге мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы да айтылды. Мысалы, биыл Шығыс Қазақстанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 91 жас мұғалімге баспана алуға процентсіз несие берілген. 

Бұлбұл Бекешқызы, мұғалім:

Маған баспана беріледі дегенде қуанышымда шек болмады. Бұл Үкіметімізің  бізге жасаған зор жақсылығы деп білемін. Әркім баспаналы болғысы келеді. Сол баспана мен үшін, балаларым үшін жылы ұя, бақыт. Бүгінгі қуанышым шексіз.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу