Алматыда көлігімен 3 адамды қасақана қаққандардың біреуі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлігімен 3 адамды қасақана қаққандардың біреуі ұсталды

27.08.2019

Алматыда көлікпен үш адамды қаққан оқиғаға байланысты іздестіру жұмысы жүріп жатыр. Бұл іске қатысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдіргенімен, тергеу мүддесіне сай күдіктілердің есімін атай алмайтындығын айтты.

Кеше мегаполистің  Гагарин-Левитан көшелерінің қиылысында таңғы бестер шамасында болған оқиғадан зардап шеккен үш азамат ауруханаға түсті. Әлеуметтік желіге тараған видеодан бір топ адамның көлік жүргізушілерімен жанжалдасқандығы, одан кейін үш азаматты қағып кеткендігі анық көрінген. Көлік жүргізушілері оқиға орнынан іздерін суытып үлгерген. Алайда олардың бірі тез арада қолға түсті. Қазір оның серігі іздестірілуде.  

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министр:

Бұл жерде бірнеше бап бойынша қарастырылады. Біріншіден, жіктелуі бойынша көлікті мас күйінде жүргізу бабымен қатар, бұзақылыққа қатысты бап зерттеле келе, «кісі өлтіруге әрекет ету» бабына ауыстырылды.

Мегаполистегі №7 қалалық клиникалық ауруханаға түскен 2 адамның жағдайы ауыр екендігін айтады. Ал үшіншісі Орталық қалалық ауруханаға жеткізілген.  Оның «сол аяғының тобығы мен оң қолының шынтағы жабық», «сол қолының шынтағы ашық сынған» деген диагноз қойды.

Карина Керімжанқызы, нейрохирург-дәрігер:

Бірінші науқас 91 жылғы. Келіп түскен диагнозы «мидың шайқалуы» деген диагозбен түсті. Оның жағдайы қазір тұрақты, орта дәрежесінде, екінші науқас 91 жылғы оның түскен диагнозы «ашық бас ми жарақаты, жеңіл дәрежесінде мидың соғылуы» деген диагнозбен түсті, жалпы жағдайы тәуір, ем қабылдап жатыр. Оперативтік ем керек емес, жай ғана консервативтік ем алып жатыр. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу