Қазақстандық кәсіпкер қыз-келіншектер Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп бизнес-жобалар ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық кәсіпкер қыз-келіншектер Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп бизнес-жобалар ашпақ

28.08.2019

Қазақстандық кәсіпкер қыз-келіншектер Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп бизнес-жобалар ашпақ. Екі елдің өкілдері бүгін арнайы Елордаға келіп, отандық бұрымды бизнесмендермен кездесті. Қазіргі таңда елдегі шағын және орта кәсіптің жартысына жуығын нәзік жандылар жандандырып отыр. Ал жалпы ішкі өнім құрудағы салымы - 42 пайыз. Яғни, жыл өткен сайын кәсіпкер қыз-келіншектердің қатары артуда. Әсіресе, сауда-саттық, ауылшаруашылық және өнеркәсіп салаларында үлестері басым. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің 5-ші конгресіне елдің барлық өңірінен өкілдер жиналып, жұмыстарын қорытындылады, болашаққа бағдар жасады.

Ләззат Рамазанова «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

900-ден астам қыз-келіншектер өзінің бизнесін жалпы көп пайызы сатып алу саласында. 19 пайызы а/ш-та жұмыс істеп жатыр. Ал енді біздің алдымызға қойған мақсаттарымыз өңірде ғана дамыту емес, экспортқа шығу потенциалдарына көмек көрсету. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу