Әнші Ермек Меденов: Ата-анамыз бала кезімізден музыкаға баулыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Ермек Меденов: Ата-анамыз бала кезімізден музыкаға баулыды

29.05.2018

Әнші Ермек Меденов «Таңшолпан» бағдарламасының Алматы студиясының төрінде қонақ болып, жаңалықтарымен бөлісті.

 

«Жалпы, отбасымызбен шығармашылыққа жақынбыз. Ата-анамыз бала кезімізден музыкаға баулып өсірді. Сондықтан болар, Айдана, Назым және мен өнер саласындамыз. Барлық аналарға арнап ән жазғымыз келген. Анамыздың өмірден қайтқанына биыл  11 жыл. Осылайша, бірігіп, алғашқы бейнебаянымызды түсірдік.

Жақында орындаған «Келмейсің сен қайтып» әні өмірден алынған. Бұл ән арманым еді. Менің табиғатым лирикаға жақын», - дейді әнші.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу