«Түнгі студияда» - Динара Сұлтан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Динара Сұлтан

09.07.2015
«Түнгі студияда» - Динара Сұлтан

Динараның музыкаға деген қабілеті бес жасынан-ақ байқала бастаған. Музыкадан алғашқы сабақты анасынан алады. Мектеп кезінде талай музыкалық конкурсқа қатысып, бас жүлде иеленген.

Әнші болуды, сахнада көрінуді мақсат еткен Динара тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін, музыка колледжіне түсу үшін Алматыға келеді. Мұнда ол КСРО-ның Еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглудан тәлім алады.

2006 жылы «SuperStar.KZ» республикалық конкурсына қатысқан әнші финалға дейін барады. Кейін «China Town» тобында өнер көрсетеді.

Көпшілікке Динара Сұлтан ретінде танылған әнші бүгін 23:40-та «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу