«Түнгі студияда» - Динара Сұлтан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Динара Сұлтан

23.08.2015
«Түнгі студияда» - Динара Сұлтан

Жас әнші Динара Сұлтан халыққа «SuperStar.KZ» жобасы арқылы танымал бастады. Алайда, әншінің музыкаға деген қабілеті бес жасынан-ақ байқалған. Музыкадан алғашқы сабақты анасынан алады.

Мектеп кезінде талай музыкалық конкурсқа қатысып, бас жүлде иеленген. Әнші болуды, сахнада көрінуді мақсат еткен Динара тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін, музыка колледжіне түсу үшін Алматыға келеді.

Мұнда ол КСРО-ның Еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглудан тәлім алады. 2006 жылы «SuperStar.KZ» республикалық конкурсына қатысқан әнші финалға дейін барады. Кейін «China Town» тобында өнер көрсетеді.

Өзге жұлдыздардай шетелде емес, ауылға барып демалғанды жөн санайтын әншінің сұхбатын бүгін 19:30-да көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу