«Түнгі студияда» - Шахзода - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Шахзода

31.03.2014
«Түнгі студияда» - Шахзода
Өзбек әншісі Шахзоданы қазақстандықтар «Сарвиноз», «Фатима және Зухра» фильмдері арқылы таныды.
 
Бала кезінен музыкаға әуес әнші 2001 жылы жеке шығармашылықпен айналыса бастайды. Сол жылдан бастап ол тұтас Орталық Азия елдерінде танымалдылыққа ие болады. Көп ұзамай 2003 жылы әнші жеке концертін береді.
 
Ташкенттің ең үлкен  концерттік залында өткен кеште халықтың көптігі сонша, ине шаншар жер болмайды.  Жаңа жұлдыздың жарқырай бастағанын байқаған режиссерлер оны киноға түсуге шақырады. Осылайша, Шахзода актерлық өнерге де бет бұрады.
 
ТМД-ның бірқатар елінде концерт берген әнші бүгін 23.10-да «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу