«Таңшолпанда» - әнші Ермек Меденов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - әнші Ермек Меденов

04.12.2014
«Таңшолпанда» - әнші  Ермек Меденов

Көпшілікке «SuperStar.KZ» жобасы арқылы жақсы таныс саксофоншы, әнші  Ермек Меденов бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады.

«Ата-анам мұғалім болғанымен, өнерлі жандар.  Әкем – баянда, гитарада, анам – домбырада ойнайды.  Кезінде Семейде Меденовтер жанұясы деген отбасылық ансамбль де болды. Қазір басымыз қосылған кезде ғана болмаса, кезіндегі дүрілдеген ансамбль жоқ»,-дейді жас әнші.

«Өнерде 5 жастан бері жүрмін. Әкем  бала кезімізде 2-дауыс, 3-дауыс дегендер қиын ғой, соны үйрететін. Одан кейін өзімізде де қызығушылық туып, алып кеттік. Ал, алғашқы ұстазым – Эдуард Ганкин деген кісі».

Студияға саксофон және мелодик аспаптарын ала келген жас өнерпаз: «Бүгінде осы саксофон арқылы шығарылған бірнеше туындым бар. Ендігі мақсат – соны халыққа ұсыну»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу