Малика Темо Саджаямен бірігіп жасаған туындысын орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малика Темо Саджаямен бірігіп жасаған туындысын орындады

17.12.2017

Келесі орындаушы «Silk Way Star»-ға татар ән салу өнерінің қайталанбас мелизмдерін сыйлады. Ол нағыз кәсіби орындаушының байсалдылығын көрсетті. Осымен ерекшеленген татар қызы Малика көрермендермен су жаңа әнімен бөлісті.

Әншінің айтуынша, жаңа әнді Тэмо Саджаямен бірігіп жасаған.

 

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

 

- Тамаша орындау болды. Әннің кеше ғана жазылғанына қарамастан. Әдетте жаңа әнді айту қиынырақ. Сөздерін жаттап, ішіне сіңіп кету керек дегендей. Темо, сен де жарайсың.

Хабарламаларға жазылу