«AMANAT» партиясының мүшелері Жеңіс күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясының мүшелері Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2024

«AMANAT» партиясының мүшелері соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек 99 жастағы ардагер Жақан Сейсебаевтың шаңырағына барды. Майдангер 1925 жылы 10 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 17 жасында Қызыл Армия қатарына қосылып, бір жылдан кейін ұрыс алаңына аттанады. Беларусь елін азат ету шайқасына қатысады. «Катюша» артиллериялық қаруын меңгерген зеңбірекші атанады. Жеңіс күнін Кенигсберг қаласында қарсы алады. Бүгінде Жақан Сейсебаевтың 9 немересі мен 19 шөбересі бар. 


Хабарламаларға жазылу