Малика Уитни Хьюстонның туындысын шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малика Уитни Хьюстонның туындысын шырқады

10.12.2017

«Silk Way Star» бәйгесіне Татарстан елінен келген Маликаның кумирі американ әншісі, актрисасы, продюсері Уитни Хьюстон екен.

 

«Уитни Хьюстонның арқасында мен әнші ретінде қалыптастым. Ол маған зор әсер етті. Оның суреттерін алдыма жайып тастайтынмын. Басқа да әртістер болатын. Бірақ, Уитни қашан да бірінші орында тұрушы еді», - дейді Малика.

 

Кезекті сын кешінде Малика алты құрлыққа аты мәлім әншінің «All the man that i need» деп аталатын әнін шырқады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Тамара Аптсиаури (Грузия):

 

- Бүгін тамаша орындадың. Сен сахнада қалай қозғалып, қалай ән салуды білесің. Сондықтан, бұл жерде бірдеңе айтудың өзі артық. Сен қайталанбас әншісің.

Хабарламаларға жазылу