Темо Саджая Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жұбатуға арналады бұл әнімді» шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темо Саджая Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жұбатуға арналады бұл әнімді» шырқады

03.12.2017

«Silk Way Star» бәйгесінің тоғызыншы жарыс күнінде грузиялық Темо Саджая әлі сиясы кеппеген жұбату әнін орындады.

Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жұбатуға арналады бұл әнімді» орындаған Темо оны «Silk Way Star»-да жақынындай болып кеткен достарына арнап, жоба аяқталған соң да қатынастарының жалғасатынына үміттенетінін айтты.  

«Ол нағыз талант, музыканың ішінде өмір сүреді, мен үшін жұлдыз»,- деді Фулин.

Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин (Башқұртстан):

- Темоның шығуы сенімді. Оның темпераментін, ішкі қуатын ешкім жоққа шығара алмайды. Сен сондай тартымды орындайсың. Ішкі қуатыңмен баурап аласың. Сен жай ғана орындамайсың, сен сахнада өмір сүресің. Мәтінде қателіктер болғанымен, оны әртістік қабілетіңмен жауып жібердің. Тіпті, байқалмай кетті деуге де болады.

Хабарламаларға жазылу