«Silk Way Star» сахнасында Малика мен Әли Оқапов Батырхан Шукеновке арнау айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» сахнасында Малика мен Әли Оқапов Батырхан Шукеновке арнау айтты

26.11.2017

«Silk Way Star» бәйгесінде ән таңдауында мін болмаған Маликаның жұп таңдауда да жолы болды. Жібек жолының жұлдызы еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Әли Оқаповпен бірге ән шырқады.

Керемет дуэт Әли Оқаповтың репертуарындағы «Жаңғырық» әнін орындады.

«Біз байқауда екенімізді бір сәтке ұмытып, бұл әнді Батырхан Шүкеновке арнаймыз. Оның ән ғұмыры мәңгілік, біз секілді ізбасарларлары барда оның аты ешқашан өшпейді. Ол біздің жүрегімізде, бізбен бірге», - дейді Малика.

 

Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин (Башқұрстан):

- Маған Малика қатты ұнады. Малика қашан да биікте! Араларыңда көбірек байланыс болғанын қалап едім. Дуэт болғандықтан, барынша бірігіп кету керек. Бар тілегім осы ғана, ал, басқасы ұнады.

Хабарламаларға жазылу