Маликаның орындауында грузин халқының шоқтығы биік туындысы «Argo» әні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маликаның орындауында грузин халқының шоқтығы биік туындысы «Argo» әні

21.10.2017

Келесі ән ақ кемеге мініп, ақ желкенді жайып, алысқа сапар шегуге шақырады.

Сахна төріне келесі болып шыққан қатысушы Татарстан әншісі Малика. Ол грузин музыкасының шоқтығы биік туындысын орындады.

«Бүгін біз бір-біріміздің тілімізде ән шырқаймыз. Тапсырмада бәсекелестің әнін орындау деп тұр. Ал, мен досымның әнін айту деп білемін», - дейді Малика.

Бүгін татар қызы Грузия елінің «Argo» әнін айтты. Әншінің айтуынша, ән салыстырмалы түрде жеңіл болғанымен, мәтін жағынан қиын.

Бүгінгі додаға ол «Writing’s on the wall» әнін дайындапты.

Татар елінің туын ұсстап келген әншінің өнеріне Грузиядан келген қазылар алқасының мүшесі Георгий Тсиклаури осы әннің көптеген нұсқаларының ішінен дәл осы нұсқасы ұнағанын және мәтінде еш қате болмағанын айтты.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу