Қорғаныс министрлігі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2024

Қорғаныс министрлігі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сый-сияпат көрсетті. Мерекелік шара барысында соғыс жылдарындағы әндер айтылып, түрлі қойылымдар қойылды. Тіпті ардагерлер әскерилердің арнайы әзірленген ботқасынан дәм татты. Қазір ел бойынша 148 қария бар. Оның 7-еуі Астанада тұрады.

Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Идеология және тәрбие департаментінің басшысы:

Бұл кісілердің барлығы тізімде тұр. Бірқатар ардагерге алдыңғы жылдары пәтерлер берілді. Құнды техникалар беріліп жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу