Темо Саджая мен Дәурен Сейітжанов «Silk Way Star» сахнасында нағыз драйвты көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темо Саджая мен Дәурен Сейітжанов «Silk Way Star» сахнасында нағыз драйвты көрсетті

26.11.2017

Жүрегі жанартау грузин жігіті Темо бұл күні жоғарғы дәрежелі, білікті әртіс Дәурен Сейітжановпен бірге өнер көрсетті. Тамаша дуэт «Таңғы қала» әнін орындады.

 

«Дәуренмен бірге дайындалдық. Әрине, ол жоғарғы дәрежелі, білікті әртіс. Бұл әнді қалай дұрыс орындау, қазақ әріптерінің айтылуы жағынан кеңес берді», - дейді Темо.

 

Қазылар алқасының мүшесі Эльдар Гасымов (Әзірбайжан):

- Темо, саған құтты болсын айтқым келеді. Өйткені, химия шынымен болды. Сен өзіңді еркін сезіндің, шынайы болдың. Екеуің ұзақ уақыт дос сияқты көріндіңдер. Керемет болды.

Хабарламаларға жазылу