«Таңшолпан». Шұбаттан жасалған құрттың қасиеті туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Шұбаттан жасалған құрттың қасиеті туралы не білесіз? (ВИДЕО)

22.09.2017

Құрт – түркі халықтарының ортақ тағам түрі. Қазақстанда, Өзбекстан мен Қырғызстанда, Түркия және Тәжікстан елінде, Әзірбайжан мен Моңғолия мемлекетінде жасалады. Құрт сиыр, ешкі және қой сүтінен, түйенің шұбатынан әзірленеді.

«Тамақтану тәртібі» айдарының бүгінгі шығарылымы денсаулыққа пайдалы құрт жайлы болмақ.

Шұбат «А», «В», «С» секілді дәрумендерге бай өнім. Оның құрамында адам ағзасына пайдалы кальций, фосфор, темір, күміс секілді бірқатар химиялық элементтер бар. Түйе сүтінен әзірленген сүзбенің қуаты 225 ккал болса, шұбаттан жасалған құрттың құнарлылығы 370 ккал. Шұбаттың құрамында 16 пайыз ақуыз болады. Ал, шұбаттан жасалған құртта ақуыз мөлшері 53 пайыздан асады.

Түйе сүтінен жасалған құрттың ерекшелігі оның майлылығы жоғары болады.

Түйе шұбатынан жасалатын құрт түрі еліміздің Батыс өңірінде жиі кездеседі. Маңғыстау халқы түйе мен сиыр сүтінен құрт жасауды жолға қойған. Оңтүстік Қазақстан облысы сиыр, қой, ешкі сүтінен құрт жасайды. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тек сиыр сүтінен құрт дайындауға дағдыланған.

Хабарламаларға жазылу