Бүгін дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали студия қонағы болып, қазақтың ұлттық өнеріне қатысты пікірімен бөлісті.
«Мен қазақпын» жобасы дер кезінде келген жоба. Өйкені, ұзақ уақыт бойы еліміздің қандай да ақпарат кеңістігі болмасын ұлттық өнерге немқұрайлылық танытты. Мега жоба құлап жатқан дүниені қайта көтеріп, бір арнаға тоғыстырды. Осы бағдарлама арқылы қаракөз іні-қарындастарымыз домбырасын қолына қайта алып, ұлттық өнерді сәнге айналдыруда. Мұнда Ұлттық арнаның рөлі ерекше.
Біз студент болған кезде ұлттық өнер қатты құлдырады. Өзіміз үлкен ағаларды көріп, олардан үйреніп, шыңдалдық. Ол кездегі ұстаздарымыз да, ортамыз да мықты болды. Бірақ бір кемшілігі, бізде насихат болмады. Өнерпаздың талпынып, эфирге шығуына мүмкіндік болмады», - дейді әнші.