ШҚО-да еңбек адамдарын марапаттады
Шығыс Қазақстан облысында әр салада еңбек етіп,ел дамуына аянбай тер төгіп жүрген азаматтар марапатталды. Еңбек күніне орай ұйымдастырылған шарада «Парыз» бен «Еңбек жолы» өңірлік байқауыңының жеңімпаздары анықталды. Өз ісінің шебері атанған үздік 13 маман түрлі сый-сияпатқа ие болды.
Бір салаға бүкіл ғұмырын әулет. Жас маманға тәлім көрсеткен тәлімгер. Өз
кәсібінің шебері. Бір мамандықты оқып, оны игеріп қана қоймай еңбектен береке
тапқандар көп. Олар бұл еңбегін ешқашан бұлдаған емес.
Әбіл Қосаев, мемлекеттік қорық инспекторы:
Орман өртімен күрес,
ағаш өсіру. Былай алғанда
табиғатпен жақын және
қызықты деп ойлаймын.
Елдің дамуына жауапкершіліпен қарап сол жолда еңбек еткендер марапатқа ие
болды. Олардың қатарында, тәжірибелі тас қалаушы, білікті көлік жүргізуші және
стратегиялық нысанның жұмысына жауапты инженер мен шеберлер бар. Шопан мен
сауыншы да ерекше құрметке ие.
Гүлназ Исінова, сауыншы:
Мен енді бір сауғанда, 25 бие сауам. Арасы әр 2 сағат сайын. Әр биенің мінезі болады. Соларды байқап сауамыз. Рахмет! Өстіп елеп-ескеріп еңбегімізді бағалағандарына.Бағаланған еңбектің берекесі мол. Әр азамат өз жұмысына жауапкершілікпен қарағанда мемлекет дамып
Бағаланған еңбектің берекесі мол. Әр азамат өз жұмысына жауапкершілікпен
қарағанда мемлекет дамып,
қоғамдағы масылдық сана жойылады. Ал табыстың бастауында еңбек тұрады.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
2008-жылдан бері «Парыз» конкурсы бойынша біздің облысымыздың 40-тан астам кәсіпорны жеңімпаз атаныпты. Бұл осы өңір кәсіпорындарының өндірістік көрсеткіштерімен қатар еңбек ұжымдарының әл ауқаты мен әлеуметтік жауапкершілікке қоғамның дамуына мән беретініне айқын бір көрсеткіші.
Өңірдегі өндірісті өрге сүйреп келе жатқан осы жұмысшы мамандар. Сондықтан әр
марапатта еткен еңбектің маңдай тері мен құрыш қолдардың қажырлы табы бар.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25