Басты Жаңалықтар Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді

Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді

Халықаралық Lonely Planet туристік басылымы Астананы Best in Travel 2027 жыл сайынғы үздік туристік бағыттар тізіміне қосты. Яғни, елорда 2027 жылы саяхаттауға ұсынылған әлемнің 50 үздік бағытының бірі ретінде атылып отыр. Астана «Best for futuristic skylines», яғни футуристік сәулетімен ерекшеленетін қала ретінде ұсынылды. Lonely Planet авторлары елорданың заманауи сәулеті мен ерекше қалалық келбетіне назар аударған. Басылым Астананың көрнекті нысандары қатарында «Бәйтерек», «Хан Шатыр», Бейбітшілік және келісім сарайын және «Қазақстан» Орталық концерт залын атап өткен. Айта кету керек, бұған дейін де Қазақстан Lonely Planet-тің Best in Travel 2025 тізіміне енген еді.


Бөлісу