«Алтын тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

24.08.2017
«Алтын тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауын жариялайды.   Өтінімдер 2017 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады.

Байқауға  18-35 жас аралығындағы үміткерлер  қатыса алады. Сондай-ақ, бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған.  Әрбір аталымның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі.

Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға арналған арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл «Туған ел» номинациясы бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.

Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады. Жұмыстар лақап атпен қабылданады.  

Жобаның серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет сыйлығын  алғаш рет 2015 жылы тағайындаған. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру.

 

Хабарламаларға жазылу