Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 шілдеде Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Жамбыл облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Кызылорда облысында күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с, Маңғыстау облысында шаңды дауылмен бірге күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы, кей жерлерде Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, кей жерде Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 жылы болады.